Жаңа пайдаланушыны тіркеу

Жария оферта

27.05.2021 ж. 1.2 нұсқасы

1. Терминдер мен анықтамалар

Сайтhttps://stsl.kz адресінде орналасқан, Пайдаланушыға Платформаға, әртүрлі сервистер мен қызметтерге қолжетімділік беретін интернет сайт.

Платформа — Келісім талаптарына сәйкес Пайдаланушының Профиль жасау және оларды жоюуына, сол Профильдер шеңберінде Профиль Пайдаланушылары үшін Есептік жазбалар жасау және оларды жою м.мкіндігін беретін, Әкімші жүргізетін сайт.

Әкімші — «1С-Рейтинг» ЖШС (БСН: 020640002269, 070004, Өскемен қ. Қазақстан к. 27 үй) Пайдаланушыларға Платформаға және Сервистерге қолжетімділік қызметін көрсетеді.

Жеке кабинет — ол арқылы Пайдаланушыға тіркеу рәсімінен кейін өз деректерін және Профиль деректерін басқару мүмкіндігі берілетін сревистерді және/немесе қызметтерді басқару жүйесінің автоматтандырылған WEB-интерфейсі.

Логин — Пайдаланушыны Әкімші сайтында тіркеу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөмірі.

Пароль — жеке кабинетке кіру үшін әріптік-сандық код.

Пайдаланушыhttps://stsl.kz/kaz/ сайтында тіркелген жеке тұлға.

Профиль — ақша қаражатының, қосылған сервистердің және/немесе қызметтердің есебі жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға деректерінің жиынтығы. Бір Пайдаланушының тіркейтін Профильдер саны шектелмеген. Профильді басқару дегеніміз-сервистерді және/немесе қызметтерді қосу/өзгерту/ажырату, Профиль балансындағы ақша қаражаттарын басқару, сондай-ақ басқа әрекеттер жасау.

Есептік жазба — Әкімшінің оған қызмет көрсету процесінде Пайдаланушыны платформада тіркеу және кейіннен авторизациялау үшін Пайдаланушы ұсынған ақпарат (оның болуы қажетті шарт болып табылады) оған оның аты (логин), жеке кабинетке кіру паролі (пароль), сондай-ақ өзге де ақпараттар жатады. Есептік жазбаға кіру жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

Профиль иесі — платформаның функционалдығын пайдалана отырып Профиль жасаған Пайдаланушы. Профиль иесі Профильді басқаруға толықтай құқылы, оның ішінде профиль иесінің құқығын басқа тұлғаға беру, профиль шеңберінде пайдаланушылар үшін есептік жазбаларды құру және жою мүмкіндігі бар.

Тіркеу — ұялы телефон нөмірін толтыру және растау нәтижесінде Платформа Пайдаланушысының Есептк жазбасы жасалады.

Авторизация (сәйкестендіру) — Пайдаланушының Жеке кабинетті пайдалануға қол жеткізу мақсатында логин мен парольді енгізуі.

Банк картасы — оның иесі болып табылатын Пайдаланушы Профиль балансын толтыру үшін пайдаланатын несиелік, дебеттік, электрондық және классикалық банк картасы.

Ай сайынғы бекітілген төлем — сервистің нақты пайдаланылған көлеміне тәуелді емес тұрақты шама болып табылатын, сервисті пайдаланудың белгілі бір кезеңі үшін Пайдаланушы төлейтін төлем мөлшері, егер сервисті алу шарттарында басқа талаптар болмаса.

Инсталляциялық төлем — Пайдаланушының сервиске немесе қызметке қосылуды ұйымдастыру үшін төлейтін біржолғы төлемі.

Профиль балансы — Пайдаланушы мен Әкімші арасындағы көрсетілетін қызметтер бойынша қаржылық қатынастарды көрсететін жазбалар жиынтығы. Профиль балансы Пайдаланушы Әкімшіге аударған және Әкімші сервистер мен қызметтерді алдын ала төлеу шотына Профиль балансына аударған қаражат сомасына ұлғаяды, және Пайдаланушы қосқан сервистер мен қызметтердің құнына азаяды.

Сервис параметрлері — сервисті және/немесе қызметті қосу/өзгерту кезінде Пайдаланушы көрсеткен деректер жиынтығы.

2. Келісім мәні және жалпы ережелер

2.1. Әкімші Пайдаланушыға таңдалған сервистерді және/немесе қызметтерді пайдалануға рұқсат береді, ал Пайдаланушы оларды Келісімде белгіленген шарттар мен тәртіп бойынша қабылдайды және ақысын төлейді.

2.2. Осы Келісім Әкімшінің жария офертасы болып табылады. 2.2. Настоящее Соглашение является публичной офертой Администратора. Әкімші осы офертаның шарттарын дербес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындады және дайындады. Пайдаланушы бұл шарттарды Әкімшінің сайтында тіркеліп Келісімге қосылу арқылы қабылдай алады.

2.3. Жария оферта түріндегі Келісімнің осы редакциясы Әкімшінің сайтында орналастырылған, оны Пайдаланушы өзгерте алмайды және ол келесі редакцияға ауыстырылғанға дейін қолданылады.

2.4. Осы Келісімді Әкімші біржақты тәртіппен өзгерте алады. Әкімші Пайдаланушыға осы өзгерістерді және/немесе толықтыруларды олар күшіне енгенге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Сайтта жариялау арқылы осы Келісімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

2.5. Кез келген салықтар мен алымдардың сомаларын қамтитын Сервистер мен қызметтер тарифін Әкімші теңгемен белгілейді және олар Келісімнің қолданылу кезеңінде өзгертілуі мүмкін. Әкімші сервистерге және/немесе қызметтерге қол жеткізуді ұсыну шарттарын өзгерткен жағдайда, Әкімші Пайдаланушыларды сайтта жаңа шарттарды жариялау жолымен және (немесе) жеке кабинетте хабарламалар жіберу жолымен олар күшіне енгенге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабардар етеді.

2.6. Сайтта жарияланған күні және/немесе SMS-хабарламалар жіберілген күн Пайдаланушының хабарламаны алған күні болып табылады. Өзгерістермен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Сервистерді және/немесе қызметтерді өшіру жолымен осындай өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Өзгерістер күшіне енген күннен кейін Сервистерді пайдалануды жалғастыру Пайдаланушының енгізілген өзгерістермен келісетіндігі ретінде қаралады.

2.7. Осы Келісімді қабылдай отырып, Пайдаланушы Әкімшіден сервистер, ұсыныстар, қызметтер, акциялар, Әкімші өнімдері туралы материалдар мен ақпаратты алуға сондай-ақ жеке кабинетте хабарламалар жіберу арқылы және/немесе SMS-хабарламалар арқылы Сервистерді және/немесе қызметтерді өзгерту немесе алып тастау туралы ақпараттарды алып отыруға келіседі.

2.8. Пайдаланушыны тіркеу осы Келісімнің толық және сөзсіз акцепті болып табылады. Осы Келісімнің шарттарын білмеу және олармен таныспау Пайдаланушыны келісімнің шарттарын сақтамағаны үшін қарастырылған жауапкершіліктен босатпайды.

3. Сервистерге және/немесе қызметтерге қол жеткізуді ұсынудың жалпы шарттары мен тәртібі

3.1. Әкімші Пайдаланушыға Әкімші сайтындағы Жеке кабинет арқылы сервистерді және/немесе қызметтерді пайдалануға рұқсат береді.

3.2. Сервисті және/немесе қызметті қосу/өзгерту/ажырату үшін Пайдаланушы тиісті Профиль атынан Жеке кабинет арқылы таңдалған сервиске және/немесе қызметке қол жеткізуді ресімдейді немесе қолданыстағы жазылымға өзгерістер енгізеді.

3.3. Қосылу/өзгерту/ажырату, сондай-ақ сервисті немесе қызметті пайдалану шарттары Әкімші сайтындағы таңдалған сервистің немесе қызметтің бетінде жарияланады.

3.4. Әкімші Пайдаланушы келесі шарттарды сақтаған жағдайда Келісім бойынша қабылдаған келесі міндеттемелерін орындайды:

3.4.1. сервисті қосу және/немесе Пайдаланушыға қызмет көрсету үшін техникалық жағдайлар тар мен мүмкіндіктердің болуы;

3.4.2. сервисті және/немесе қызметті қосу/өзгерту кезінде Пайдаланушы көрсеткен деректер жарамды және дұрыс болып табылады;

3.4.3. интернет желісіне қолжетімділіктің болуы;

3.4.4. сервис немесе қызмет бетінде жарияланған басқа талаптарға сәйкестігі.

3.5. Қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған немесе қосылу/өзгерту/ажырату, сондай-ақ сервистерді пайдалану және/немесе қызметтер көрсету шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Әкімші Пайдаланушыға қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.

3.6. Пайдаланушы кез келген уақыттасервистерді және/немесе қызметтерді өшіре алады. Қызметтерді өшіру Пайдаланушының Жеке кабинетіндегі жазылымды өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Өзгерткен Пайдаланушы үшін сервистің қолданылуы сервис/қызмет өшірілген күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады. Профиль балансынан келесі кезең үшін ақша қаражатын есептен шығару жүргізілмейді.

3.7. Әкімшіде сервистерге және/немесе қызметтерге түрлі тарифтер болған жағдайда, Пайдаланушы пайдаланушының Жеке кабинетінде ағымдағы тарифтен бас тарта отырып, тарифті ауыстыруға және жаңа тарифке жазылуды ресімдеуге құқылы. Жаңадан енгізілетін тарифтік жоспарға сәйкес сервис және/немесе қызметтер құны сомасының есебі мен есептелуі Пайдаланушыға тариф өзгерген күннен кейінгі күннен ерте қолданылмайды.

3.8. Егер бұл Әкімшінің қызмет/сервис көрсетуі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда қажет болған жағдайлардан басқа уақытта Пайдаланушы және оның операциялары туралы Жеке кабинеттегі ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.

3.9. Жеке кабинетті Әкімші Пайдаланушыларға сервистерге қол жеткізуді ұсыну және/немесе қызмет көрсету тәртібінің өзгергені туралы сондай-ақ Әкімші ұсынатын сервистер және/немесе қызметтердің шарттары мен құнын хабарлау үшін пайдалана алады.

3.10. Сервиске және/немесе қызметке жазылу тарифте көрсетілген мерзімге дейін ұсынылады. Егер Пайдаланушы көрсетілген уақыт кезеңінде қызметті және/немесе сервисті пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған қызметтер/сервистер үшін ақшалай қаражат қайтарылмайды.

3.11. Пайдаланушының жеке кабинетінде Менің Сервистерім — Белсенді жазылымдар бөлімінде Пайдаланушы төлеген Сервистерді және/немесе қызметтерді көрсеткен сәттен бастап қызмет көрсетілген болып есептеледі.

4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Тіркелгеннен кейін Пайдаланушының Жеке кабинетіндегі барлық әрекеттер үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде рұқсатсыз қол жеткізілгені дәлелденгенге дейін аталған Пайдаланушы өзі жасаған болып есептеледі.

4.2. Жеке кабинетке кіру мүмкіндігін беретін құпия сөзді және/немесе логинді жоғалтқаны немесе үшінші тұлғаларға бергені үшін сондай-ақ осы әрекеттердің салдарынан туындаған барлық тәуекелдер мен залалдар үшін жауапкершілік Пайдаланушыға жүктеледі.

4.3. Егер Профиль иесі басқа Пайдаланушыға өз профиліне кіруге рұқсат берсе, сол Пайдаланушының сервистерді және/немесе қызметтерді басқару және пайдалану, оның ішінде сервистерді қосу/өзгерту/ажырату жөніндегі іс-әрекеттері үшін, сондай-ақ Пайдаланушының жеке кабинетінде қосылған Профиль арқылы қол жеткізуге болатын барлық құпия ақпаратты және дербес деректерді сол адамның сақтауы және пайдаланғаны үшін барлық жауапкершілік профиль иесіне жүктеледі.

4.4. Әкімшінің кінәсінен болмаған Пайдаланушының Жеке кабинетінің сервистерін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ, Пайдаланушының сервистерді және/немесе қызметтерді басқару және пайдалану бойынша қате әрекеттерінің нәтижесі үшін Әкімші жауапкершілік алмайды.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5.1. Пайдаланушы міндетті:

5.1.1. Профиль деректерін тіркеу немесе өзгерту кезінде дұрыс деректерді көрсетуге;

5.1.2. сервистерді және/немесе қызметтерді қосу/өзгерту/пайдалану шарттарымен танысуға;

5.1.3. таңдалған тарифке сәйкес сервистер және/немесе қызметтердің ақысын уақтылы төлеуге;

5.1.4. Әкімшінің Келісімге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгені туралы хабарламаларының, сондай-ақ сервистерді және/немесе қызметтерді пайдалануға қол жеткізуді ұсыну шарттарының өзгеруі туралы ақпараттың бар-жоғын Сайтта үнемі өз бетінше тексеріп отыруға;

5.1.5. Әкімшінің жазбаша келісімінсіз осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге жол бермеуге.

5.2. Пайдаланушы құқылы:

5.2.1. өз қалауы бойынша кез келген уақытта бұрын таңдалған тарифтер мен сервис параметрлерін өзгертуге;

5.2.2. келісім шарттарына сәйкес тиісті сападағы Сервистерді және/немесе қызметтерді алу;

5.2.3. сервистерді пайдалану кезінде сервисте көзделген Қосымша пакеттерді қосу/ажыратуға.

5.3. Әкімші міндетті:

5.3.1. егер таңдалған сервис және/немесе қызмет талап еткен жағдайда — сервисті және/немесе қызметті қосу/өзгерту күнінен бастап есептелетін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сервисті және/немесе қызметті ұсыну шарттарына сәйкестігі тұрғысынан Пайдаланушы көрсеткен сервис параметрлерін қарастыруға;

5.3.2. сервис параметрлерінің сервисті және/немесе қызметті пайдалану шарттарына сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда, сондай-ақ, сервистерге және/немесе қызметтерге қол жеткізуді ұсынудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл туралы пайдаланушыға сервисті және/немесе қызметті қосу/өзгерту күнінен бастап есептелетін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлау қажет. Пайдаланушы мұндай хабарламаны телефон байланысының байланыс нөмірлері бойынша ауызша хабарламаны қоса алғанда, кез келген нысанда хабарлауы мүмкін;

5.3.3. Әкімшінің сайтында жарияланған сервисті және/немесе қызметті қосу тәртібі мен шарттары сақталған жағдайда Пайдаланушының сервиске және/немесе қызметке 3 (үш) жұмыс күннен аспайтын мерзімде қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

5.3.4. Профиль балансында есептен шығару операцияларын жүргізу үшін жеткілікті ақша қаражаты болмаған жағдайда, бұл туралы Пайдаланушыға Жеке кабинеттегі хабарлама және/немесе SMS-хабарламалар арқылы хабарлау қажет;

5.3.5. Пайдаланушыға телефон байланысының байланыс нөмірлері арқылы Пайдаланушыны сервиске және/немесе қызметке қосу процесінде туындаған қосымша жұмыстарды орындауды талап ететін туындаған қиындықтар туралы хабарлауға.

5.4. Әкімші құқылы:

5.4.1. сервистер мен қызметтерді ұсыну шарттарына өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге немесе оларды біржақты тәртіппен алып тастауға;

5.4.2. тарифті алып тастаған кезде - Пайдаланушы тарифті жою туралы хабардар еткен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Пайдаланушы басқа тарифке ауыспаса немесе тиісті сервисті немесе қызметті өшірмесе, Пайдаланушыны өз қалауы бойынша басқа тарифке ауыстыруға;

5.4.3. сервисті немесе қызметті тұтастай жабу кезінде- егер Пайдаланушыға тарату туралы хабарланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Пайдаланушы тиісті сервисті немесе қызметті өшірмесе осы серивистің қолданыстағы Пайдаланушыларын өз бетімен өшіруге;

5.4.4. Пайдаланушы Жеке кабинет арқылы осы Келісім бойынша өзара есеп айырысулар тоқтатылғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде ақша қаражатының қалдығын қайтару туралы өз талаптарын мәлімдемесе Профиль балансынан Әкімші табысының есебіне ақша қаражатын есептен шығаруды жүзеге асыруға;

5.4.5. тартылған тұлғалардың іс-әрекеттері үшін толық жауапты болып қала отырып, сервистердің немесе қызметтердің құнын арттырмай, үшінші тұлғаларды келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға тартуға;

5.4.6. Пайдаланушы Келісім шарттарын бұзған жағдайда сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Әкімші ескертусіз сервиске және/немесе қызметке қол жеткізуді ұсынуды тоқтатуға құқылы. Пайдаланушы бұзушылықтарды жойған жағдайда ғана жаңа жазылым арқылы сервистерге және/немесе қызметтерге қолжетімділік ұсынылуы мүмкін.

6. Төлем тәртібі мен шарттары

6.1. Барлық сервистер мен қызметтердің тарифтері Әкімші сайтында жарияланған.

6.2. Сервистерді және/немесе қызметтерді пайдалану ақысын тіркелген Пайдаланушы Жеке кабинет арқылы Профиль балансын толықтыру арқылы төлей алады. Профиль балансын толтыру тәсілдері туралы толық ақпарат Әкімші сайтында орналастырылады.

6.3. Профиль балансын пайдалана отырып, сервистерге және/немесе қызметтердің ақысын төлеу Профиль балансында көрсетілген ақша қаражатының қалдығын қосылған немесе қосылатын/өзгертілетін сервистердің және/немесе қызметтер құны сомасына азайту жолымен жүзеге асырылады.

6.4. Сервистер және / немесе қызметтер үшін есеп айырысу аванстық есеп айырысу тәртібі арқылы жүзеге асырылады:

6.4.1. Сервисті немесе қызметті бастапқы қосу/өзгерту кезінде Профиль балансын толтыру қажеттілігі туралы хабарламаны алған сәттен бастап Пайдаланушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде профиль балансында осындай операцияны жүргізу үшін қажетті соманың болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

6.4.2. Пайдаланушы айдың 1-ші күніндегі жағдай бойынша Профиль балансында қосылған сервистер үшін тіркелген ай сайынғы төлемдерді есептен шығаруға жеткілікті ақша қаражатының болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

6.4.3. Белгіленген мерзімде Профиль балансындағы қаражат қалдығы есептелген сомадан аз болатын болса, Әкімші сервистерге қолжетімділікті өшіреді және (немесе) сервисті және/немесе қызметті қосудан/өзгертуден бас тартады;

6.4.4. Профиль балансында жеткілікті сома болған жағдайда Пайдаланушының сервиске және/немесе қызметке қолжетімділігін қайта ресімдеу жолымен сервистерге қолжетімділік қалпына келтіріледі;

6.4.5. Пайдаланушының бастамасы бойынша алдын ала төленген сома (ол болған жағдайда) Әкімші ақша қаражатын қайтару туралы өтініш алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Пайдаланушы көрсеткен шотқа аударылуы мүмкін.

6.5. Сервистерді және/немесе қызметтерді пайдаланғаны үшін есептелген сома мөлшерін Пайдаланушы жеке кабинетте қолжетімді.

6.6. Профиль балансынан ақша қаражаттарын есептен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады:

6.6.1. Әр айдың 1 (бірінші) күні қосылған Сервистер үшін тіркелген ай сайынғы төлемдер есебінен;

6.6.2. Профиль балансына қосылатын немесе өзгертілетін сервистер немесе қызметтер шотына жеткілікті сома түскен кезде.

6.7. Ай сайынғы белгіленген төлемді келесі есептен шығару туралы ақпарат ағымдағы айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей жеке кабинетте жарияланады.

6.8. Әкімшінің шотына ақша түскен күн (Профиль балансына ақша қаражатын аудару) төлем жасалған күн болып есептеледі.

6.9. Күнтізбелік ай төлем кезеңі болып табылады (Сервис шарттарында басқа талаптар қарастырылмаса). Күнтізбелік ай ішінде сервистерді нақты пайдалану басталған кезде, сондай ақ күнтізбелік ай аяқталғанға дейін сервистерді пайдалануды тоқтатқан кезде төлем толық күнтізбелік ай үшін есептеледі.

6.10. Әкімші жаңадан енгізген тарифке сәйкес сервистер және/немесе қызметтер құнының сомасының есебі және есептеу мұндай өзгеріс туралы ақпарат Әкімші сайтында жарияланған сәттен бастап Пайдаланушыға 30 күнтізбелік күннен ерте қолданылмайды.

6.11. Әкімші есептелмеген берешек фактісін анықтаған жағдайда, Әкімші Пайдаланушыдан анықталған есептелмеген берешек сомасын төлеуін талап етуге құқылы.

7. Форс-мажор

7.1. Егер талаптарды орындамау Тарап саналы түрдегі шаралармен болжай алмайтын және алдын ала алмайтын табиғи апаттар, өрт, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, ереуілдер және т. б. төтенше сипаттағы оқиғалардың салдарынан болса Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершілктен босатылады.

7.2. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауына байланысты өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігінен айырылған Тарап, екінші Тарапқа осы жағдайлардың басталғаны, орын алған жағдайдың болжамды созылу және тоқтатылу мерзімі туралы дереу хабарлауға міндетті.

7.3. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары және/немесе олардың салдары 2 (екі) айдан астам уақыт жалғасатын болса, тараптар тиісті шаралар қабылдау немесе осы Келісімді бұзу туралы шешім қабылдау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді.

8. Дауларды шешу тәртібі

8.1. Тараптар барлық талаптарды, даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер немесе хат алмасу арқылы өзбеттерімен шешуге міндеттенеді. Келіссөздер немесе хат алмасу барысында Тараптар ортақ келісімге келе алмаған келіспеушіліктер Әкімшінің орналасқан жері бойынша сотта қаралады. жатады.