PRO1C сервисіне кіруді ресімдеу бойынша пайдаланушыларға арналған нұсқаулық
PRO1C ақпараттық-талдау порталы қызметіне қол жеткізуді ресімдеу үшін бірнеше кезеңдерді орындау қажет:
-
Сервис платформасының сайтына өтіңіз
-
Ұялы телефонның көмегімен сервис платформасында тіркеліңіз. Немесе бұрын тіркелген болсаңыз, сайтқа кіріңізd.
-
Көрсетілген нөмірге растау коды бар смс келеді, оны растауды сұрау жолына енгізу қажет.
-
Пайдаланушы тіркелгеннен кейін өзара есеп айырысу жүргізілетін Профильді тіркеу қажет.
Профильдердің екі нұсқасы бар:
-
Жеке тұлға. Жеке тұлғалартек төлем карталарымен төлейй алады:ен төлейй алады.
-
Заңды тұлға / ЖК. Заңды тұлғалар төлем шоты бойынша және төлем карталарымен төлей алады.
Айдың соңғы күні осы Профильге ЭШФ АЖ-де орындалған жұмыстардың электронды актісі (ЭОЖА) қалыптастырылатын болады.
-
-
Сервис каталогына өтіп, PRO1C ақпараттық-талдау порталын таңдаңыз, ондағы ақпараттармен және тарифтермен танысыңыз. Кейін Тіркеу батырмасын басыңыз:
-
1-қадам. Бұрын енгізілген профильді таңдаңыз немесе жаңасын жасаңыз
-
2-қадам. Тарифтік жоспарды таңдаңыз.
Тарифтік жоспарды таңдағанда, кіру мүмкіндігі берілетін сайттың бөлімдеріне, сондай-ақ жазылу ұзақтығына назар аударыңыз.
Маңызды! Тариф атауынан кейін "көру" сөзін басу арқылы тарифті таңдаудың дұрыстығына көз жеткізуге болады.
Таңдалған тариф бойынша порталға кіруге рұқсат берілетін ұялы телефон нөмірлерінің тізімін көрсетіңіз. Бағасы нөмірлер саны бойынша есептеледі.
Екінші немесе одан да көп телефон нөмірін қосу үшін Қосу батырмасын пайдалануға болады.
Тариф таңдауды растау:
-
3-қадам. Балансты толтыру:
-
Банк картасының көмегімен (жеке және заңды тұлғалар үшін) төлеген жағдайда төлем бірден түседі.
Картамен төлеуді таңдағаннан кейін төлем сервисінің бетіне ауысады.
-
Деректемелерді енгізу және төлем жасау қажет. Төлем шотын алыңыз (заңды тұлғалар үшін), бұл жағдайда есептеу мерзімі 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Төлем шотын алуды таңдағаннан кейін төлем шотын жүктеу автоматты түрде жүзеге асады.
Баланс есептелгеннен кейін немесе профиль балансында жеткілікті сома болған жағдайда-жазылым сомасы автоматты түрде есептен шығарылады.
-
-
4-қадам. Сервиске жазылымды аяқтау.
Тіркелу аяқталғаннан кейін тіркеу кезінде көрсетілген мобильді нөмірлерге PRO1C.kz сілтеме жасалған хабарламалар жіберіледі.
-
-
Менің қызметтерім бөлімінен PRO1C.kz кіре аласыз немесе PRO1C.kz сервистер платформасында тіркелу кезінде көрсетілген логин мен құпия сөзді пайдаланып кіруге болады.
Жазылымды ресімдеу кезінде бірнеше мобильді нөмір көрсетілсе, онда әрбір көрсетілген пайдаланушы PRO1C.kz өз бетімен логин ретінде хабарлама алынған ұялы нөмірді көрсете отырып тіркеуден/авторизациядан өтуі қажет.