Оқыту қалай өтеді?

  • Өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта (24/7) өзбетіңізбен оқи аласыз
  • Барлық сабақтар "өмірден алынған" мысалдармен және қосымша сұрақтарға жауап беретін пайдалы кейстермен нығайтылған
  • Оқудан кейін 8 академиялық сағаттық тренингтен өткені туралы сертификат беріледі

Бұл тренинг кімдерге арналған?

Жеңілдетілген декларация тапсыратын кәсіпкерлерге

Жеңілдетілген декларация бойынша өз бетіңізше есеп жүргізесіз, бірақ режимнің қыр-сырын толық білмейсіз бе?

Штатта бухгалтер жоқ және сіз "үшінші тарап" бухгалтерлеріне 910.00 нысанын "толтырғаны" үшін жарты жыл сайын ақша төлегіңіз келмей ме?

910.00 нысанын өз бетіңізше толтыруды және оны тез және қатесіз толтыруды үйренгіңіз келе ме?

910.00 СЕН толтыруды үйренгісі келетін кез келген адам

Сіздің анаңыз/әкеңіз /бауырыңыз/әпкеңіз, басқа туыстарыңыз немесе таныстарыңыз кәсіпкерлік қызметпен айналысады және олардың штатында бухгалтері жоқ па?

Әр жарты жыл сайын олар "үшінші тарап" бухгалтерлеріне 910.00 СЕН-ын "толтырғаны" үшін ақша төлейді, бірақ сіз бұл шығындарға жол бермеуге болады деп ойлайсыз ба?

Сіздің бухгалтерлік есеп немесе басқа экономикалық біліміңіз жоқ, бірақ 910.00 нысанын өзіңіз толтыруды және оны қатесіз толтырудыы үйренгіңіз келе ме?

Жеңілдетілген декларация тапсыратын кәсіпкердің бухгалтері

Сіз кәсіпкердің штаттағы бухгалтерісіз, бірақ әлі де "жас мамансызба"?

Мүмкін сіз "тәжірибелі маман" шығарсыз, бірақ бұрын жеңілдетілген декларация бойынша есеп жүргізбегенсіз және 910.00 СЕН-ын толтырып көрген жоқсыз ба?

Салық режимінің барлық нюанстарын ұстанғаныңызға және дұрыс жұмыс істеп жатқаныңызға көз жеткізгіңіз келе ме?

910.00 СЕН-ын жылдам толтыру үшін кестелер мен бейне нұсқаулықтардың "қолыңызда болғанын" қалайсыз ба?

910.00 СЕН бойынша қызмет көрсететін аутсорсингтегі бухгалтері

910.00 СЕН толтыру бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетесіз бе?

Клиенттеріңізге "қайта тапсырмайтындай" жылдам және дұрыс нысан толтырып беруге кепілдік бергіңіз келе ме?

Нысан толтыру бойынша сапалы қызмет көрсете отырып жаңа клиенттер тартқыңыз келе ме?

910.00 нысанын толтыруға қажетті автоесеп кестесі мен бейне нұсқаулықтың "қолыңызда болғанын" қалайсыз ба?

Егер сіз кем дегенде бір сұраққа "Иә" деп жауап берген болсаңыз-бұл тренинг сізге арналған!
Тренинг материалы барлығына түсінікті тілде жазылған!
Күрделі терминдер мен анықтамалар жоқ!

Тренингтен не үйренесіз?

  1. 1 күн ішінде сіз 910.00 СЕН-ын есепке алу мен толтырудың барлық қыр-сырын біліп шығасыз!
  2. Оқытудың көздейтін негізгі нәтижесі -910.00 СЕН-ын дербес толтыру.
  3. Тренингтен өткеннен кейін форманы толтырудың "техникасын" түсініп қана қоймай, сонымен қатар деректерді есептеу көмекшісі файлын аласыз.

Тренингтің қысқаша мазмұны:

Тренингте 1 күн ішінде 910.00 СЕН толтыруды үйрететін "шоғырланған" ақпарат бар!

Тренингке 910.00 СЕН автоесептеуге арналған кесте және оны пайдалану бойынша бейне нұсқаулық қоса беріледі.

1-бөлім: Жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимі

  • Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс.
  • Табыс салығын есептеу.
  • ЖК үшін әлеуметтік төлемдер.
  • 910.00 СЕН толтыру: жалпы ақпарат, кірістер бойынша деректер, ЖК үшін әлеуметтік төлемдер.

+ 910.00 СЕН толтыру бойынша пайдалы кейстер

  • Сатып алушыға жеңілдіктер мен бонустарды қалай есептеуге болады?
  • Сатып алушылардың қайтарымын қалай есепке алуға болады?
  • Салықтан босатылған жағдайда нысанды қалай толтыруға болады?
  • Қателер табылған жағдайда нысанға түзетулерді қалай енгізуге болады?

2-бөлім: Кәсіпкердің жұмыскерлері және АҚС шарттары бойынша жеке тұлғалар

  • Жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынастарды ресімдеу (еңбек шарттары және АҰС шарттары бойынша).
  • Кәсіпкер жұмыскерінің еңбекақысын есептеу.

+ пайдалы кейстер

  • Жұмыскердің 60 000 теңге еңбекақысын есептеу;
  • Табысы 76 575 теңгеден кем жұмыскердің еңбекақысын есептеу;
  • Зейнеткер жұмыскердің еңбекақысын есептеу;
  • Шетелдік жұмыскердің еңбекақысын есептеу;
  • Мүгедектігі бар жұмыскердің еңбекақысын есептеу;
  • Алимент төлеуші жұмыскердің еңбекақысын есептеу;
  • Еңбекақыдан ұсталатын салықтар мен жарналардың ең төменгі және ең жоғары мөлшерін есептеу;
  • "Еңбекке жарамсыздық парағының" есебі;
  • Демалысқа төленетін төлемдерді есептеу;
  • Жұмыскердің үстеме жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысы үшін еңбекақы есептеу;
  • АҚС шарты бойынша жеке тұлғамен есеп айырысу;
  • Жұмыскерлер бойынша 910.00 СЕН-на деректерді толтыру;
  • АҚС шарттары бойынша 910.00 СЕН-на деректерді толтыру.

Тренингтің барлық бөлімдерінде деректердің нысанда көрсетілуін қарастырған мысалдар келтірілген.

Тарифтер

1 пайдаланушыға жазылу құны: 50 000 ₸

Тренингке қалай қатысуға болады?

  • 1. Егер сіз сервистер платформасында бірінші рет болсаңыз: сервистер платформасында тіркеліп, байланыс деректерін көрсетуіңіз керек. Сіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне растау коды бар SMS келеді, оны сұрау жолына енгізу қажет болады.

  • 2. Егер сіз тіркелген болсаңыз: сервистер платформасында авторизациядан өту қажет.

Пайдаланушы тіркелгеннен / авторизацияланғаннан кейін, бұрын тіркелмеген болса, Профильді (жеке немесе заңды тұлға) тіркеңіз.

Сервистер каталогына өтіп, "1С:Қазақстанға арналған бухгалтерия" ред. 3.0 конфигурациясындағы "КТС бойынша Декларация" 100.00 СЕН толтыру бойынша қашықтықтан тренингті таңдаңыз және сатып алу түймесін басыңыз:

  1. 1-қадам. Профильді таңдау.

  2. 2-қадам. Таңдаңыз: қажетті тарифтік жоспар және тарифтің қолданылу мерзімі.

    Таңдалған тариф бойынша курсқа қосылуға болатын ұялы телефон нөмірлерінің тізімін көрсетіңіз. Бағасы нөмірлер саны бойынша есептеледі.

  3. 3-қадам. Балансты банктік карта немесе төлем шоты арқылы толтыру.

    Баланс есептелгеннен кейін немесе профиль балансында жеткілікті сома болған жағдайда-жазылым сомасы автоматты түрде есептен шығарылады.

  4. 4-қадам. Жазылымды ресімдеуді аяқтау.

Тіркелу аяқталғаннан кейін тіркеу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөмірлеріне курсқа сілтеме жасалған хабарламалар жіберіледі.

Курсқа Менің сервистерім бөлімінен өтуге немесе PRO1C.kz қызметтер платформасында тіркелу кезінде көрсетілген логин мен парольдің көмегімен кіріп, Оқыту бөліміне өтіңіз.

Сатып алу