Біздің курстан өткеннен кейін сіз:

  • ЭШФ АЖ порталы мен есеп жүйесінде ТІЖ және Виртуалды қойма модулімен дұрыс жұмыс істеуді үйренесіз (1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8). ТІЖ шығару, растау, қабылдамау және түзету тәртібін білетін боласыз.
  • Шығу көздерімен жұмысты есепке алу жүйесімен танысасыз, оларды құру мәселелерімен және олар бойынша есепке алу қозғалыстарын талдайсыз.
  • Өз біліміңізді жүйелейсіз және операциялардың логикасын түсініп, стандартты емес жағдайларда операцияларды көрсету әдісі туралы шешім қабылдай аласыз.
  • Жиі жіберілетін қателіктердің мысалдары мен себептерін қарастыра отырып, сіз өз жұмысыңызда олардың орын алуына жол бермейтін боласыз.

Оқыту қалай өтеді?

  • Сізге ыңғайлы кез келген уақытта өзбетіңізбен ақпараттар мен бейнематериалдарды оқып таныса аласыз.
  • Теориялық бөлімді оқып танысқаннан кейін материалды бекітуге арналған шағын тест тапсырмалары болады.
  • Материалды жақсы игеру және практикалық тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін курсты мобильді құрылғыда емес, компьютер арқылы өтуді ұсынамыз.
  • Жазылым кезеңінде 24/7 уақыт аралығында курс қолжетімді болады.

Курстан өту нәтижелері бойынша сертификат беріледі

  • ТІЖ және виртуалды қоймадағы есеп -
    30 академиялық сағат
  • 1С-те ТІЖ және виртуалды қоймадағы есеп -
    30 академиялық сағат
  • Мұнай өнімдері бойынша ТІЖ жазып беру ерекшеліктері -
    3 академиялық сағат
  • Темекі өнімдері бойынша ТІЖ жазып беру ерекшеліктері -
    3 академиялық сағат
  • Алкоголь өнімі бойынша ТІЖ жазып беру ерекшеліктері -
    3 академиялық сағат

Сервиске жазылу

Курстың мазмұны

Негізгі модуль: ТІЖ және ЭШФ АЖ виртуалды қоймасында есепке алу

Виртуалды қойма

  • Виртуалды қоймадағы тауарларды есепке алудың негізгі принциптері: ВҚЖА дегеніміз не? Тауар идентификаторы дегеніміз не? ВҚ-дағы тауарлар қозғалысының жалпы жүйесі. ВҚ-мен жұмыс істеу бойынша пайдалы кейстер
  • ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде жұмысқа дайындық: тіркеу, теңшеу, қоймалар құру
  • Жүйенің негізгі объектілері: ВҚЖА, Нысандар журналы, тауар қалдықтары
  • ЭШФ АЖ виртуалды қоймасына бастапқы қалдықтарды енгізу
  • ЭШФ АЖ виртуалды қоймасына тауарлардың түсуі: импорт, сатып алу
  • ЭШФ АЖ виртуалды қоймасынан тауарларды шығару: сату, есептен шығару
  • ЭШФ АЖ виртуалды қоймасында тауарларды есепке алу жөніндегі өзге де операциялар
  • Виртуалды қойма модуліндегі құжаттарды растау және қабылдамау
  • Виртуалды қойма құжаттарында жіберілген қателерді түзету тәртібі

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ)

  • ТІЖ деген не?
  • ТІЖ жазып беру тәртібі
  • ТІЖ үзінді көшірмесі, растау және қабылдамау
  • Тауарларды импорттау кезінде ТІЖ ресімдеу
  • ҚР аумағында тауарларды өткізу және ҚР шегінен тыс жерлерге әкету кезінде ТІЖ ресімдеу
  • ТІЖ қайтарып алу және түзету
  • Тауарларды қайтару
  • ТІЖ-мен сату бойынша ЭШФ ресімдеу ерекшеліктері
  • ТІЖ-мен жұмыс істеу кезінде жіберілетін қателіктер бойынша кейстер

Қосымша модуль: Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8-дегі виртуалды қоймадағы тауарлар есебі

Виртуалды қойма

  • Виртуалды қойма модулімен жұмыс істеу конфигурациясын теңшеу
  • Виртуалды қоймаларды құру және оларды конфигурациядағы шоттармен салыстырып тексеру
  • Виртуалды контрагенттік қоймаларды жүктеу
  • 1С: Қазақстан үшін Бухгалтерия 8 конфигурациясындағы виртуалды қойма тауарларын есепке алудағы шығу көздері
  • Есептегі виртуалды қойма тауарларының қозғалысының жалпы схемасы
  • Тауарлардың виртуалды қоймаға түсуі
  • Тауарлардың виртуалды қоймадан шығуы
  • Виртуалды қойма тауарлары бойынша деректерді талдау
  • 1С-те ВҚ тауарларымен жұмыс істеу бойынша пайдалы кейстер

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ)

  • 1С-те ТІЖ-ның үзінді көшірмесі, растау және қабылдамау
  • 1С тауарларды импорттау кезінде ТІЖ ресімдеу
  • ҚР аумағында тауарларды өткізу және ҚР аумағынан тыс жерлерге әкету кезінде 1С-те ТІЖ ресімдеу
  • 1С-те ТІЖ қайтарып алу және түзету
  • 1С-те тауарларды қайтару
  • 1С-те ТІЖ-мен сату бойынша ЭШФ ресімдеу ерекшеліктері
  • 1С-те ТІЖ-мен жұмыс істеу кезінде орын алатын қателіктер бойынша кейстер

Қосымша салалық модуль: ЭШФ АЖ-де алкоголь өнімі бойынша ТІЖ

  • ЭШФ АЖ ВҚ модулінде акцизделетін тауарларды есепке алу ерекшеліктері
  • ШФ АЖ-де акцизделетін тауарды ЕЭО-тан импорттау (әкелу) кезінде ТІЖ ресімдеу
  • ЭШФ АЖ-да алкоголь өнімін сату кезінде ТІЖ жазып берудің ерекшеліктері

Қосымша салалық модуль: ЭШФ АЖ-де темекі өнімі бойынша ТІЖ

  • ЭШФ АЖ ВҚ модулінде акцизделетін тауарларды есепке алу ерекшеліктері
  • ШФ АЖ-де темекі өнімдерін ЕЭО-тан импорттау (әкелу) кезінде ТІЖ ресімдеу
  • ЭШФ АЖ-де темекі өнімдерін сату кезінде ТІЖ жазып беру ерекшеліктері

Қосымша салалық модуль: ЭШФ АЖ мұнай өнімдері бойынша ТІЖ

  • ЭШФ АЖ ВҚ модулінде акцизделетін тауарларды есепке алу ерекшеліктері
  • ШФ АЖ-де мұнай өнімдерін ЕЭО-тан импорттау (әкелу) кезінде ТІЖ ресімдеу
  • ЭШФ АЖ-де мұнай өнімдерін сату кезінде ТІЖ жазып беру ерекшеліктері

Курстың құнын есептеу
Модульді таңдау

Қолжетімділік кезеңі 3 ай 6 ай 12 ай
Құны 0 0 0

* Назар аударыңыз! Қосымша салалық модульдерде ТІЖ және ВҚ туралы негізгі ақпарат жоқ. Осы модульдерді курстың негізгі модульдерімен бірге сатып алуды ұсынамыз.

Неліктен бізді таңдайды

Интеграторлар

Біздің мамандар есеп жүйесін порталмен біріктіру процедураларын дайындады және жүйені мүмкіндігінше терең зерттеді

Тәжірибе

Күн сайын пайдаланушылар бізге осы тақырып бойынша сұрақтар қояды және біз бөлісуге дайын практикалық мәселелерді шешудің ауқымды тәжірибесін жинадық

ТІЖ бойынша материалдар базасы

PRO1C-де ТІЖ және Виртуалды қойма тақырыбы бойынша 200-ден астам пайдалы материалдарға еркін қол жеткізе аласыз. Күн сайын 20 мыңнан астам қолданушы оларды күнделікті жұмысында пайдаланады

Біз "күтпеген кедергілерді" білеміз

PRO1C мамандары жұмыс барысында қандай қателіктер мен қиындықтар туындайтынын біледі. Біз бұл туралы курста айтып береміз, осылайша сіз олардың орын алуына жол бермейсіз және уақытыңызды үнемдей аласыз

Дайындаушылар

Курсты дайындауға ЭШФ АЖ дайындаушылары қатысты

Күрделіні оңай түсіндіреміз

2021 жылғы қаңтарда ТІЖ бойынша вебинарлар марафонын өткіздік, онда ТІЖ-мен жұмыс істеу мәселелерін терең және дәйекті зерделенді. Марафонға 2 мыңнан астам адам қатысты

Оқу кімге пайдалы болады?

Бухгалтерлерге
Енгізу жөніндегі мамандарға және 1С кеңесшілеріне
ТІЖ және ВҚ-мен жұмыс істейтін мамандарға

Біздің пайдаланушыларымыздың "Виртуалды қойма"ЭШФ АЖ модулімен жұмыс бойынша тренингтен өткендігі туралы пікірлері

Барлығы керемет, курс ұнады. Әйтеуір Қазақстанда сапалы курстар жүргізіле бастады. Әсіресе, осындай жаңа тақырыптар бойынша базаны тез алуға болады, 2016 жылы ЭШФ жұмысы сынап көру және қателіктер жіберу әдісімен зерттелген болатын.
Пошелюзный Михаил
"Виртуалды қойма" өте қызықты курс. Бұрын осы тақырыппен танысқаныма қарамастан, көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алдым. Мен бірнеше жыл бойы PRO1C порталының пайдаланушысымын. Курстың форматы өте ұнайды, атап айтқанда практикалық бөліктің көп болуы. Бұл курстан өту жұмысты едәуір жеңілдетті. Курсты сатып алуға жасалған жеңілдік (акция) және кәсіби даму мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын. Сіздерге шын жүректен амандық, табыс және өркендеу тілеймін.
Ким Оксана
Бұл курс (тренинг) кәсіби деңгейде өтті, артық ақпарат болған жоқ, тек осы тақырыпқа қатысты. Тренинг іс жүзінде сұрақтар туындамайтындай етіп жасалды, бәрі түсінікті және анық болды. Мен тренингті екі рет тыңдадым (бірнәрсені жіберіп алмадым ба деп…), енді порталда да 1С-те де виртуалды қоймамен жұмыс істеу қорқынышты емес. Келесі курсты асыға күтемін!!
Литвин Ирина
Сіздер жарадыңыздар, бәрін анық, нақты түсіндірдіңіз, айттыңыздар, артық ештеңе болған жоқ. Рахмет, маған өте ұнады. Мен сіздердің сайттарыңызды бұрыннан қолданамын, оны таныс бухгалтерлерге ұсынамын. Осы қалыптарыңыздан таймаңыздар
Симагина Татьяна Григорьевна
Мен осы жылдың сәуір айында ВҚ-мен бірінші рет жұмыс істеп көрдім, және менің ойымша, бұл ең толық және түсінікті материалдар топтамасы. Сонымен қатар олардың бәрі бір жерге шоғырландырылған, бұл өте жақсы, өйткені тақырып үлкен, көптеген мәселелерді қозғайды. Көп нәрсені білетін сияқты едім, үйренерім әлі де көп екен. Рахмет.
Жалейко Татьяна Алексеевна
Тренингті дайындауда атқарған жұмыстарыңыз үшін көп рахмет. Тренинг өте пайдалы, танымды және қолжетімді болды. Жаңа жыл қарсаңында Мен сіздің командаңызға даму, амандық және, әрине, береке тілегім келеді
Айдынова Ольга Владимировна
Барлығы өте сауатты ойластырылған, негізгі сайтқа көптеген пайдалы сілтемелер бар, онда сіз заңдармен, мақалалармен және т.б. таныса аласыз.
Фаст Елена
Тренинг бағдарламасы жоғары кәсіби деңгейде құрастырылған, материал өзекті, практикалық қолдану үшін қажет. ТІЖ бойынша пилоттық жобаны бастау мерзімін ауыстыруға байланысты тренинг материалдарына қолжетімділікті ұзарту туралы өтініш білдіргім келеді.
Агафонова Любовь Владимировна
Керемет тренинг, өте мықты лекторлар, "мұның бәрі не үшін қажет" сұрағынан бастап және ТІЖ дейін барлығы қол жетімді және түсінікті, яғни қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін қажет нәрсенің бәрі тренингте бар, курс үшін үлкен рахмет!
Саяпина Ольга
"Ыңғайлы оқыту форматы. Ақпарат қол жетімді, тыңдаушыны қабылдаудың әртүрлі формаларын ескере отырып (мәтін, құжаттардың фотосуреттеріне, бейне материалдарға мән берілген). Ыңғайлы, сабақтың көп бөлігінде өзін-өзі тексеруге арналған тест болды. Сабақтар тым ұзақ емес, бұл бір уақытта тез үйренуге ыңғайлы. Сондай-ақ, материалдарды зерттеуге және оларды іс жүзінде қолдануға үш айлық қол жетімділік жеткілікті. Осы тренингті дайындаушылардың атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамын. Сәттілік және даму тілеймін!"
Костенко Софья Владимировна
Сервиске жазылу