1С:ЭШФ сервисі не үшін қажет

Сервис электронды шот-фактураларды қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйемен (ЭШФ АЖ) электронды құжат алмасу үшін арнайы жасалған. Бұл электронды құжат алмасу кезінде пайдаланушының барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын кешенді шешім.

Сервистің функионалдық мүмкіндіктері

  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЭШФ АЖ мемлекеттік порталы арқылы ғана алмасуға болатын ЭШФ, ЭОЖА, ТІЖ тікелей заңды маңызды алмасу қызметі қосылған.
  • Пайдаланушыларға электронды құжаттарды қадағалаушы органдарға Электронды шот-фактуралар жазу тәртібінде белгіленген форматта тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

1С:ЭШФ сервисін көрсету шарттары

Сервисті 1С бағдарламалық өнімдерінің тіркелген, шарт жасасқан немесе сервистерге рұқсаты бар пайдаланушылар қоса алады:

  • 1С:АТЖ сүйемелдеу шарты.
  • Бұлтта 1С жалға алу шарты немесе бұлтта 1С сервисіне жазылу;
  • «Интернет арқылы Қазақстанға арналған 1С:Кәсіпорын» (1cfresh.kz) сервисіне қолжетімділік.

Сервис келесі бағдарламаларда қолжетімді

  • Қазақстанға арналған бухгалтерия 3.0.
  • Сауданы басқару, 3.4 ред.
  • Қазақстанға арналған кәсіпорынды ERP басқару 2.
  • Қазақстанға арналған кешенді автоматтандыру.
  • 1С:Рейтинг:Автокөліктік кәсіпорын бухгалтериясы.
  • 1С:Рейтинг:Алкомониторинг.
  • 1С:Рейтинг:Қазақстанға арналған қаржыны кешенді басқару және бюджеттендіру.
  • 1С:Рейтинг:Мұнай базасы.
  • 1С:Рейтинг:Қазақстанға арналған қоғамдық тамақтану.
  • 1С:Рейтинг:Қазақстанға арналған құрылыс ұйымының қаржысын басқару.
  • 1С:Рейтинг:Элеватор.
  • 1С:Қазақстанға арналған құрылыс ұйымының бухгалтериясы.
  • 1С:Қазақстанға арналған ауылшаруашылық кәсіпорнының бухгалтериясы.

1С:ЭШФ сервисінің 1С қораптық бағдарламаларында жұмыс істеуі үшін:

  • Интернет желісіне қосу.
  • Пайдаланушының есептік жүйесін Интернет қолдауға қосу қажет.

Автоматты алмасуды қалай теңшеуге болады

  • ХҚО-нан ұйымның бірінші басшысына заңды тұлға ретінде және ұйымның бірінші басшысына жеке тұлға ретінде ЭСҚ алу. Егер бухгалтердің шот-фактураларға қол қою құқығы болса, бухгалтерге жеке тұлға ретінде ЭСҚ алу.

  • ЭШФ АЖ-де тіркелу

  • ЭШФ АЖ қатысушысын тіркеу ЭШФ АЖ веб-қосымшасында жүйені пайдалану туралы келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.

  • Келісім басшының ЭСҚ-мен кәуландырылады. Жүйеде сәйкестендірім жасау және ЭШФ АЖ-де электронды құжаттарды куәландыру үшін Ұлттық куәландыру орталығының кілттері қолданылады.

  • ХҚО-нан ұйымның бірінші басшысына заңды тұлға ретінде және ұйымның бірінші басшысына жеке тұлға ретінде ЭСҚ алу. Егер бухгалтердің шот-фактураларға қол қою құқығы болса, бухгалтерге жеке тұлға ретінде ЭСҚ алу.

Сервис құны

Ай сайынғы құны: тг./айына

Сервисті қалай қосуға болады?

  • Егер сіз сервистер платформасында бірінші рет болсаңыз: Сервистер платформасында тіркеліп, өзіңізбен байланысу жолдарын көрсетуіңіз қажет.

    Сіз көрсеткен мобильді нөмірге тапсырыс жолына жазылуы қажет растау коды бар SMS келеді.

  • Егер сіз бұған дейін тіркелген болсаңыз: Сервистер платформасында авторизациялану қажет.
  • Пайдаланушыны тіркеуден/авторизациялаудан кейін, бұрын енгізілмеген болса Заңды тұлғаның профилін тіркеу қажет.

    Тіркеу түрі заңды тұлғаның профилі үшін ғана қолжетімді.

  • Сервистер каталогына өтіп, 1С:ЭШФ сервисін таңдау және Ресімдеуді басу қажет:

    1-қадам. Профильді таңдау.

    2-қадам. АТС шарты ресімделген 1С бағдарламалық өнімінің тіркеу нөмірін көрсету.

    ЭШФ АЖ-мен жұмыс істеу жоспарланған компанияның БСН/БСНдарын көрсету

    Жазылым мерзімін көрсету.

    1С:ЭШФ сервисінің жазылым мерзімін көрсеткенде АТС шартының әрекет ету мерзіміне тең мерзімді көрсетуді ұсынамыз.

    3-қадам Балансты толтыру:

    • банктік карта арқылы төлеген жағдайда төлем бірден түседі;
    • төлем шотын алған жағдайда ақша салу мерзімі 3 жұмыс күнге дейін созылуы мүмкін.

    Балансты толтырғаннан кейін, немесе баланста жеткілікті сома болған жағдайда - жазылым сомасы автоматты түрде шешіп алынады.

  • Сервисті дайындау.

    Сервисті қосу процесі 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сіз платформада тіркелу барысында көрсеткен мобильді нөмірге сервисті қосу туралы SMS келеді.